КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ | United Trans Kazakhstan

БІЗДІҢ КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
“United Trans Kazakhstan”

“United Trans Kazakhstan” компаниясы қазақстандық және халықаралық аударма қызметі және консалтинг нарығында 2007 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінгі күні UTK қызметінің басым бөлігін аударма, эксперттік лингвистикалық сүйемелдеу, сондай-ақ кеңес беру және түрлі кәсіби салалардағы жобаларды басқару ісі құрайтын компания болып табылады.

UTK компаниясы кәсіби аударма қызметімен айналысады, сондай-ақ көп бағытта  консалтингтік қызметті жүзеге асырады. Біз жобаларды басқарумен айналысамыз, шетелдік және жергілікті компаниялардың бизнесті дамыту ісіне қолдау көрсетеміз. Клиенттеріміздің қызметін тілдік, құжаттық, логистикалық, заңгерлік тұрғыда қолдаудың толық жиынтығын ұсынамыз. Жобаларға бухгалтерлік есеп пен аудит жүргізу арқылы қаржылық бақылауды жүзеге асырамыз. Сонымен қатар маркетинг және сату, сапаны басқару, уақытты ұтымды пайдалану, «тимбилдинг», тиімді байланыс және қатынас дағдылары, кинология секілді бағыттар бойынша курстар, шеберлік сабақтары мен оқу тренингтерін өткіземіз, тілді (ағылшын, орыс, қазақ) түрлі салада кәсіби деңгейде қолдана отырып, шешім қабылдаудың тиімді үдерісіне үйретеміз. Компания бизнес жобаларды сүйемелдеуге қажетті кең көлемдегі қызмет түрлерін ұсынады: конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру, ресми қабылдаулар, кофе­брейктер мен кешкі ас, көшпелі кейтерингтерді ұйымдастыру және өткізу, Қазақстан және Орталық Азия елдері аумағында көлік қызметінің барлық түрін көрсету. Сондай-ақ компания тапсырыс мәтіндерімен, логотиптерімен, корпоративтік белгілері мен баспа өнімдерін (ақпарттық парақтар, папкалар, кеңселік заттар, баннерлер, пресс-­стендтер) шығарумен де айналысады. Компания конференц­-жабдықтары мен ілеспе аударма жасауға қажетті құралдардың толық жиынтығына ие. Компания қызметі клиенттеріміздің қандай да болмасын жобаларын іске асыруға қажетті барлық керек-жарақпен қамтамасыз етуге бағытталған. Барлық жұмысты аталған салаларда тәжірибесі мол, жоғарыбілікті мамандар атқарады.

«Егер біз өзге тілде сөйлейтін болсақ, әлемді біршама өзгеше сезінер едік».
Людвиг Витгенштейн.

 Біз үшін аударма қызметі тек мәтіндер мен құжаттарды шет тілдерге кәсіби аудару ғана емес, сондай-ақ ол – бизнес серіктестеріміз бен клиенттеріміздің мақсат-міндеттерін табысқа айналдыру! Біз серіктестеріміздің мәдениетаралық байланыстарын құруп дамытуына және алға қойған міндеттеріне кәсіби тұрғыда қол жеткізуіне көмектесетін боламыз.

Көпшілік  UTK-ді неге таңдайды?

  • Өйткені UTK, бұл – көпжылдық табысты тәжірибе және клиенттердің кәсіби қажеттілігіне бейімделу.
  • Ниеттестік және жобалармен жұмыс істеу барысындағы жауапкершілік, мәдени және лингвистикалық ерекшеліктерді сезіне білу және түсіну.
  • UTK, бұл – жоғары сапалы аударма қызметінің кең көлемді жиынтығы, аударма ісіне қажетті техникалық құрал-жабдықтың барлық түрі.
  • Икемді баға және әрбір клиент пен жобаның ыңғайын таба білу, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген ұзақмерзімдік кәсіби қатынастар.
  • Жеделдік, сан салалы, әр түрлі қызметті, көпдеңгейлі және жан-жақты бизнес қолдау.
  • Құпиялылық ережелері мен сыпайылық қатынасты қатаң сақтау.

Сіздің бизнесіңізді көпдеңгейлі кәсіби дәрежеде сүйемелдеу.

«United Trans Kazakhstan» жедел даму үстіндегі жаңа бизнес жобалардың талаптары мен уақыт ырғағына үндесе тұрақты дамып келеді, өз мүмкіндіктерін барынша кеңейтіп, қызмет түрлерінің кең көлемін ұсынуда. Қолда бар үлкен ресурстар мен мол мүмкіндіктің арқасында біз аударма және консалтингтік қызмет түрлерімен қатар, сіздің бизнесіңізге қажетті жобаларды жүзеге асыру және барлық деңгейдегі шараларды өткізу арқылы қолдау көрсете аламыз. Біздің қызметіміз, бұл – логистика, көлік мәселелері бойынша аса тиімді көмек көрсету, кәсіби аудармаға қажетті  құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, конференц-орындарын ұйымдастыру, түрлі шараларға қатысушы шетелдік қонақтар мен қазақстандықтарды қолайлы бағамен ең жақсы қонақүйлерге орналастыру және т.б…

Біз бизнесте серіктестік қарым-қатынастарды кәсіби деңгейде құруға көмектесеміз, бұл іскерлік қатынастардың нығая түсуіне және нәтижелі болуына ықпал етеді.

 Миссия және Стратегия

«Егер адаммен ол түсінетін тілде сөйлессең, сен оның ойын ғана білесің. Ал егер ана тілінде сөйлессең, оның жан-дүниесін түсінесің». Нельсон Манделла.

Көпұлтты және түрлі мәдениеттер тоғысқан ортада жұмыс істеудің арқасында мәдени және лингвистикалық ерекшеліктердің сан алуандығын және оның күнделікті кәсіби өмірде көрініс табуын сезініп, тани білу арқылы UTK компаниясы жоғары нәтижелерге жетті, көпжылдық тәжірибе жинақтады. Мәдени айырмашылықтарды түсіну және соған орай дұрыс қадам жасау керектігін ескере отырып, UTK  клиенттердің кәсіби қажеттілігіне бейімделеді. Біз көптеген ірі бизнес серіктестерімізбен және клиенттерімізбен жоғары тиімді ынтымақтастық байланыстамыз, көрсетілетін қызмет ауқымы да кеңейе түсуде. Компания өз қызметінде жоғары сапа талаптарын, тиімді баға, әрбір клиент пен жобаның ыңғайына қарай жұмыс істеуді басшылыққа алады, сондай-ақ өзара ынтымақтастыққа негізделген ұзақмерзімдік кәсіби қатынастарды қалыптастырады.

Бүгінде компания сауатты құрылған кәсіби стратегияның нәтижесінде клиенттермен және серіктестермен жұмыс істеу барысында табысқа жетіп отыр. Компания клиенттермен жұмыс істеу барысында төмендегідей саясатты ұстанады:

  • Әрбір клиент пен жобаның ыңғайын таба білу, ұзақмерзімдік кәсіби ынтымақтастық.
  • Құпиялылықты сақтау кепілдігі.
  • Келісілген мерзімді сақтау және тапсырыстарды жедел орындау.
  • Сенімділік және беделділік.
  • Тұрақты және жаңа клиенттер үшін икемді баға саясаты.
  • Ұсынылатын қызмет түрлерінің жоғары сапалылығы және оны тұрақты бақылауда ұстау.
  • Қысқа уақытта сапалы жедел аударма жасау, көлемді материалдарды аудару мүмкіндігі.
  • Аударма ісін автоматтандырудың қазіргі заманғы технологиялары.

БІЗДІҢ КЛИЕНТТЕРІМІЗ БЕН СЕРІКТЕСТЕРІМІЗ

 UTK осы жылдардың ішінде аударма қызметі саласында сенімді серіктес ретінде танылды, заңды және жеке тұлғалар қатарынан көптеген тұрақты клиенттер тапты. Клиенттеріміздің қатары жылдан жылға өсе түсуде, біз бұған қуаныштымыз. UTK түрлі саладағы және әлемнің әр түкпіріндегі ұлттық және халықаралық клиенттерімізді жедел және сапалы аударма қызметімен қамтамасыз етеді. Біздің серіктестеріміз бен клиенттеріміз,  бұл – Қазақстандағы шетел елшіліктері,  жергілікті және халықаралық компаниялар, министрліктер мен түрлі мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік әскери құрылымдар, жеке меншік компаниялар, ғылыми институттар мен өндірістік кәсіпорындар  және өзге де көптеген ұйымдар. Біз үшін аударма қызметі тек мәтіндер мен құжаттарды шет тілдерге кәсіби аудару ғана емес, сондай-ақ ол – клиенттеріміздің бизнес-мақсатын табысқа айналдыру!

Өзара тиімді ынтымақтастықты жүзеге асырып отырған біздің серіктестеріміз бен клиенттеріміздің қатарында:

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және оған қатысты қызметтер,  ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Шекара қызметі және кеден мекемелері, Қазақстандағы АҚШ елшілігі,  Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігі, Орталық Азиядағы USAID, АҚШ Қорғаныс министрлігі, АҚШ Энергетика министрлігі, АҚШ мемлекеттік департаменті, АҚШ-тың Орталық тергеу бюросы, АҚШ Шекара қауіпсіздігі және кеден департаменті, Аризона штатының Ұлттық гвардиясы (АҚШ), БОИНГ, AM General, НАТО, АҚШ-тың К9 оқу орталығы және өзге де көптеген жергілікті және халықаралық мекемелер.

Біз өз серіктестерімізбен табысты ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруды қуана қолдаймыз,  сондай-ақ болашақ тапсырыстар мен жобаларды жүзеге асыру үшін жаңа ынтымақтастық қатынастарды дамытуға әзірміз!

 БІЗДІҢ КОМАНДА

UTK компаиясында кәсіби аудармашылар мен жоба менеджерлері жұмыс істейді. Біздің қызметкерлеріміз – түрлі салаларда кәсіби білімі мен мол тәжірибесі бар мамандар, әлемнің әр түрлі елдерінде қажетті тренингтерден өтіп отырады, жұмысты тиімді және толыққанды атқаруға ынталы.

Қызметкерлердің жоғары кәсіби даярлық деңгейі жұмыс сапасын және әрбір жобаның табысты болуын қамтамасыз етеді. Біздің мамандарымыз мәдени және лингвистикалық ерекшеліктерді, сондай-ақ әр түрлі елдердегі іс жүргізу жайын жақсы біледі. UTK кәсібилер командасы сіздер үшін түрлі бағытта қызмет көрсету мақсатында жұмыс істейді. Барлық мамандар көпсатылы тексеру және дайындық жүйесінен өтеді, тіл білу және тиісті саладағы кәсіби лексиканы меңгергендігі жөнінде тесттер тапсырады. Қызметкердің қанша жобаға қатысқандығы және оған клиенттердің берген мінездемесі маңызды рөл атқарады.

Әрбір тақырыптық салаға көрсетілетін аударма қызметінің сапасы мен тапсырыс берушінің талабына сәйкес жобаны толықкешенді сүйемелдеуді үйлестіретін  тәжірибелі жоба менеджері басшылық жасайды. Жоғары сапалы орындалған тапсырыстың соңғы нәтижесі ұсынылмас бұрын, материал компанияның жоғары стандарттары мен талаптарына сәйкес көптеген дайындық және редакциялау кезеңдерінен өтеді. Әрбір тақырыптық саланың өзіне тиісті сөздіктері мен аударма базасы жасалған. Жұмысты тиімді атқару және сапалы қызмет көрсету үшін  нақты бір салаға маманданған аудармашылар мен лингвистер командасы қалыптасқан. Материалдарды жоғары кәсіби деңгейде аудару сарапшы-аудармашылардың қатысуынсыз мүмкін болмас еді.

UTK мемлекеттік және халықаралық мекемелерінің ірі тапсырыстарын, бизнес жобаларды басынан аяғына дейін көпдеңгейлі және жан-жақты негізде кешенді сүйемелдей отырып жүзеге асыратын жетекші компаниялардың бірі болып табылады.