Салалар

Салалар

UTK компаниясының аударма және консалтингтік қызметі.

«United Trans Kazakhstan» жедел даму үстіндегі жаңа бизнес жобалардың талаптары мен уақыт ырғағына үндесе тұрақты дамып келеді, өз мүмкіндіктерін барынша кеңейтіп, қызмет түрлерінің кең көлемін ұсынуда. Қолда бар үлкен ресурстар мен мол мүмкіндіктің арқасында біз аударма және консалтингтік қызмет түрлерімен қатар, сіздің бизнесіңізге қатысты жобаларды жүзеге асырып, барлық деңгейдегі шараларды кешенді түрде өткізуге қолдау көрсете аламыз.

«Консалтинг – бұл басшыларға, басқарушыларға қаржы, коммерциялық, заңгерлік, технологиялық, техникалық, сарапшылық қызмет салаларында кең көлемді мәселелер бойынша кеңес беру қызметі болып табылады. Консалтингтің басты міндеті клиенттің пәндік саласы мен проблемаларына сараптама жасау, даму болашағын негіздеу және ғылыми-техникалық және ұйымдық-экономикалық шешімдерді осыларды ескере отырып қолдану». Біздің тұрақты ынтымақтастық қатынастағы ұлттық және шетелдік серіктестеріміз нақты бір кәсіби салалар бойынша сарапшылар болып табылады. Кәсіби мамандарды тарта отырып, компания қызметінің тиімділігін арттыруға және бизнес жобаларды табысты жүзеге асыруға көмектесеміз. Консалтингтегі жұмыс – бұл мансап биігіне көтерілу және кәсіпорын мен бизнестің әлеуетін іске асыруға қажетті мүмкіндіктер, табысты және жоғары ынталы профессионалдар ортасындағы жемісті еңбек.

UTK кең көлемді қызмет түрлерін көрсетеді, оның ішінде төмендегідей түрлі тақырыптық салалардағы материалдарды аударады:

  • Әскери тақырыптың бар саласы: инженерлік-саперлік іс, бітімгершілік, жаппай қырып-жою қаруын таратпау, авиация және т.б.
  • Қауіпсіздік
  • Терроризммен күрес
  • Есірткіге қарсы күрес
  • Бизнес және экономика
  • Қаржы
  • Кинология
  • Заңгерлік және құқық қорғау қызметі
  • Құрылыс
  • Машина жасау
  • Мұнай-газ және энергетика
  • Ауыл шаруашылығы
  • Медицина
  • Экология және басқалары

Әрбір тақырыптық саланы тәжірибелі жоба менеджері басқарады. Әрбір тақырыптық саланың өзіне тиісті сөздіктері мен аударма базасы жасалған. Жұмысты тиімді атқару және сапалы қызмет көрсету үшін нақты бір салаға маманданған аудармашылар мен лингвистер командасы қалыптасқан. Орындалған тапсырыстың соңғы нәтижесі ұсынылмас бұрын, материал компанияның жоғары талаптарына сәйкес көптеген дайындық және редакциялау кезеңдерінен өтеді. Материалдарды жоғары кәсіби деңгейде аудару сарапшы-аудармашылардың қатысуынсыз мүмкін болмас еді.

Әскери тақырыптың бар саласы компания қызметінің маңызды да негізгі бағытының бірі болып табылады. Біздің компания Қазақстан Республикасындағы шетел елшіліктері, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және мемлекеттік әскери мекемелерімен ынтымақтастық байланыста жұмыс істейді, аударма қызметіне және бизнес жобаларды басқаруға қолдау көрсетуде. Ұзақ жылдар бойғы табысты және бірлескен жұмыс барысында біз халықаралық әскери ынтымақтастық аясында Қазақстанда, сондай-ақ шет елдерде өткен алуан түрлі және кешенді шараларға қатыстық. Бұл біздің компанияның әскери істің барлық саласында үлкен тәжірибе жинақтауына, жобалар мен шараларды өткізуде сенімді серіктеске айналуына мүмкіндік берді. Біз мемлекеттік және халықаралық мекемелердің ірі тапсырыстарын, бизнес жобаларды басынан аяғына дейін көпдеңгейлі және жан-жақты негізде кешенді сүйемелдей отырып жүзеге асыратын жетекші компаниялардың бірі болып саналамыз.

Нет комментариев.

Оставить комментарий

Сообщения