Қызметтер | United Trans Kazakhstan

Басты қызметтер

+Аударма қызметінің толық жиынтығы:

Жазбаша аударма
Ауызша жүйелі аударма
Ауызша ілеспе аударма
Аудио және бейнематериалдар аудармасы
Гидтер – аудармашылар
Ілеспе аудармаға қажетті жабдықтарды ұсыну және жалға беру
VIP-тұлғалар мен ресми шаралар үшін аудармашылар қызметін ұсыну
Жедел аударма жасау және көлемді материалдарды қысқа уақытта сапалы аудару
Веб-сайттарды аудару


+Компания кең көлемді қызмет түрлерін көрсетеді, оның ішінде төмендегідей түрлі тақырыптық салалардағы материалдарды аударады:

• Әскери тақырыптың бар саласы: инженерлік-саперлік іс, бітімгершілік, жаппай қырып-жою қаруын таратпау, авиация және т.б.
• Қауіпсіздік
• Терроризммен күрес
• Есірткіге қарсы күрес
• Бизнес және экономика
• Қаржы
• Кинология
• Заңгерлік және құқық қорғау қызметі
• Құрылыс
• Машина жасау
• Мұнай-газ және энергетика
• Ауыл шаруашылығы
• Медицина
• Экология және басқалары

 

ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ

Қазіргі заманды халықаралық байланыстар мен қатынастарсыз елестету мүмкін емес. Бизнеске тартылған кез келген компания немесе жеке тұлғалар  бизнестің, саясат пен мәдениеттің жаһандық диалогының қатысушылары болып табылады. Шет тілдерін білу – шетелдік серіктестермен жұмыс істеуде және бизнес жобаларды дамытуда қажет екені даусыз. Сондықтан ауызша және жазбаша аударма жасауда, сондай-ақ алға қойған мақсатыңызға қол жеткізу үшін және жобаны жүзеге асыру барысында бизнесіңізді кәсіби тұрғыда сүйемелдеуге көмектесетін әр түрлі салалардағы мамандарды тарту қажеттілігі туындайды.

UTK компаниясы түрлі саладағы және әлемнің әр түкпіріндегі ұлттық және халықаралық клиенттерімізге сапалы аударма қызметін ұсынады. Біздің клиенттеріміздің қатарында – Қазақстандағы шетел елшіліктері,  жергілікті және халықаралық компаниялар, министрліктер мен түрлі мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік әскери құрылымдар, жеке меншік компаниялар, ғылыми институттар мен өндірістік кәсіпорындар  және өзге де көптеген ұйымдар бар.

UTK компаниясы қазақ, орыс, ағылшын, түрік, неміс, француз және өзге де тілдерде жоғары сапалы аударма қызметінің барлық түрін көрсетеді.

Аударма қызметінің толық жиынтығы:

  • Жазбаша аударма
  • Ауызша жүйелі аударма
  • Ауызша ілеспе аударма
  • Аудио және бейнематериалдар аудармасы
  • Гидтер – аудармашылар
  • Ілеспе аудармаға қажетті жабдықтарды ұсыну және жалға беру
  • VIP-тұлғалар мен ресми шаралар үшін аудармашылар қызметін ұсыну
  • Жедел аударма жасау және көлемді материалдарды қысқа уақытта сапалы аудару
  • Веб-сайттарды аудару

Жазбаша аударма

 Клиенттің тапсырысына сәйкес, түпнұсқаның пішінін, яғни кесте, сурет, сызба және графикаларды сақтай отырып түрлі мәтіндердің жазбаша аудармасын жасаймыз. Біздің қызмет аясында төмендегідей құжаттардың жазбаша аудармасы жасалады:  әскери тақырыптағы құжаттар, заңгерлік, қаржылық құжаттар, сондай-ақ келісімдер мен шарттар, техникалық және ғылыми-техникалық аудармалар,  іс қағаздары аудармасы, медициналық мәтіндер аудармасы,  саяси құжаттар мен материалдар аудармасы,  мұнай-газ өнеркәсібі саласындағы құжаттар және көптеген басқа да тақырыптағы мәтіндер. Біз жедел аударманы және көлемді материалдарды аз уақыттың ішінде сапалы аударуды қамтамасыз етеміз. Сонымен қатар тапсырыс берушінің талабына сай веб-сайттарды кәсіби деңгейде әр түрлі тілдерге аударамыз.

Әрбір тақырыптық саланың өзіне тиісті сөздіктері мен аударма базасы жасалған. Жұмысты тиімді атқару және сапалы қызмет көрсету үшін  нақты бір салаға маманданған аудармашылар мен лингвистер командасы қалыптасқан.  Орындалған тапсырыстың соңғы нәтижесі ұсынылмас бұрын, материал компанияның жоғары талаптарына сәйкес көптеген дайындық және редакциялау кезеңдерінен өтеді. Материалдарды жоғары кәсіби деңгейде аудару сарапшы-аудармашылардың қатысуынсыз мүмкін болмас еді.

Ауызша аударма (жүйелі және ілеспе)

 Ауызша жүйелі  және ілеспе аударма арнайы дағды мен үлкен тәжірибені қажет ететін аударма ісінің барынша күрделі түрі болып табылады. Бұл жерде тілді терең, өте жақсы меңгеру және оның дыбысталуын дұрыс айта білумен қатар, аудармашының жылдар бойы дағдыланатын төмендегідей жеке кәсіби қабілет-қасиеттері қажет: стресс төзімдігі, мықты жады, ой өрісінің кеңдігі, тақырыпты немесе жобаны жақсы білу, іске бар ықыласын аудару. Біздің кәсіби аудармашыларымыз іскерлік келіссөздерде, көрмелер мен семинарларда, конференцияларда және шетелдік ресми делегациялар мен жеке тұлғаларды  алып жүру барысында қызмет көрсетеді.  UTK компаниясы VIP-тұлғалар мен ресми шаралар үшін аудармамен сүйемелдеу және жоба бойында бизнесті қолдау жөніндегі толық қызмет  көлемін ұсынады.

Мультимедиялық материалдар аудармасы

 Қазіргі уақытта мультимедиялық материалдарды аударуға тапсырыс берушілер қатары көбейе түсті. Бұл ақпараттық технологиялардың шапшаң дамуымен және ақпараттар мен мәліметтерді кеңінен алмасу және тарату үшін сапалы аудармаларды қажет ететін кең көлемді  жобалардың пайда болуымен байланысты. UTK компаниясы барлық ресурстарды, кез келген медиатаратушымен жұмыс істеуге, аудио және бейнематериалдарды аудару барысындағы барлық жұмыс түрлерін  атқаруға мүмкіндік беретін компьютерлік техника мен кеңсе жабдықтарын қоса алғанда, пайдаланады. Тапсырысқа сәйкес, біз кез келген пішіндегі желілер және сызбалармен кәсіби тұрғыда жұмыс істей аламыз. Біз бейнематериалдар аудармасы, материалдарды дыбыстау және субтитрлеу қызметін ұсынамыз.

Ілеспе аудармаға қажетті құралдар

 UTK  компаниясы кәсіби аудармашылардың қызметі арқылы табысты жұмыс істеп келеді, сондай-ақ осы тұрғыда барлық қажетті ресурстар мен құрал-жабдықтарды пайдаланады. Жауапты шараларды жоғары деңгейде сүйемелдеу үшін ілеспе аударма жасауға арнайы құрал-жабдықтар қажет. UTK компаниясы жұмысқа қазіргі заманғы техникалық талаптарға сай,  жоғары сапалы жабдықтарды, оның ішінде тыңдаушылардың ыңғайына орай арнаулы қабылдағыштар,  аудармашыға қажетті барлық керек-жарақпен жарақтандырылған дыбысты жұтатын кабина, микрофондар, дыбыс ұлғайтқыш аппаратура және т.б. құралдарды пайдаланады. Компания клиенттерге қандай да болмасын конференциялар мен ресми шараларды жоғары кәсіби деңгейде өткізіп беруге көмектеседі.

Консалтингтік  және жобаларды басқару қызметінің түрлері.

 Жедел даму үстіндегі жаңа бизнес жобалардың талаптары мен уақыт ырғағына үндесе тұрақты дамып отырған «United Trans Kazakhstan» компаниясы өз мүмкіндіктерін барынша кеңейтіп, қызмет түрлерінің толық көлемін ұсынуда. Қолда бар үлкен ресурстар мен мол мүмкіндіктің арқасында біз аударма және консалтингтік қызмет түрлерімен қатар, сіздің бизнесіңізге жобаларды жүзеге асыру мен барлық деңгейдегі шараларды өткізу барысында кешенді қолдау көрсете аламыз. Біздің қызметіміз, бұл – логистика, көлік мәселелері бойынша аса тиімді көмек көрсету, кәсіби аудармаға қажетті  құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, конференц-орындарын ұйымдастыру, түрлі конференцияларға қатысушы шетелдік қонақтар мен қазақстандықтарды қолайлы бағамен ең жақсы қонақүйлерге орналастыру және т.б…

Кез келген жобаның табысты болуы оның жоба менеджерлері тарапынан кәсіби және сапалы ұйымдастырылуына байланысты. Біздің компанияның жауапты менеджерлері жобаның ілгерілеуіне ықпал етеді және оны іске асыру барысында туындайтын барлық мәселелерге жауап береді.

   Қызмет түрлері:

  • Жобаларды басқару.
  • Кешенді қызмет көрсету пакеті: жобаларға қажетті көлік құралдарын ұсыну және ұйымдастыру, логистика мәселелері бойынша қолдау, шаралар мен тренингтер ұйымдастыру.
  • Консалтингтік қызмет: кәсіби салалардың тұтас бір қатары бойынша курстар мен тренингтер өткізу. Түрлі бағыттар бойынша өткізілетін шеберлік сабақтарына отандық және шетелдік сарапшыларды тарту.

Біз жобаларды басқарумен айналысамыз,  шетелдік және жергілікті компаниялардың бизнесті дамыту ісіне көмектесеміз. UTK компаниясы кәсіби аударма қызметімен айналысады, сондай-ақ көп бағытта  консалтингтік қызметті жүзеге асырады. Клиенттеріміздің қызметін тілдік, құжаттық, логистикалық, заңгерлік тұрғыда қолдаудың толық жиынтығын ұсынамыз. Жобаларға бухгалтерлік есеп пен аудит жүргізу арқылы қаржылық бақылауды жүзеге асырамыз. Сонымен қатар маркетинг және сату, сапаны басқару, уақытты ұтымды пайдалану, «тимбилдинг», тиімді байланыс және қатынас дағдылары, кинология секілді бағыттар бойынша курстар, шеберлік сабақтары мен оқу тренингтерін өткіземіз, тілді (ағылшын, орыс, қазақ) түрлі салада кәсіби деңгейде қолдана отырып, шешім қабылдаудың тиімді үдерісіне үйретеміз. Компания бизнес жобаларды сүйемелдеуге қажетті кең көлемдегі қызмет түрлерін ұсынады: конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру, ресми қабылдаулар, кофе­брейктер мен кешкі ас, көшпелі кейтерингтерді ұйымдастыру және өткізу, Қазақстан және Орталық Азия елдері аумағында көлік қызметінің барлық түрімен қамтамасыз ету. Сондай-ақ компания тапсырыс мәтіндерімен, логотиптерімен, корпоративтік белгілері мен баспа өнімдерін (ақпарттық парақтар, папкалар, кеңселік заттар, баннерлер, пресс­стендтер) шығарумен де айналысады. Компания конференц­жабдықтары мен ілеспе аударма жасауға қажетті құралдардың толық жиынтығына ие. Компания қызметі клиенттеріміздің қандай да болмасын жобаларын іске асыруға қажетті барлық керек-жарақпен қамтамасыз етуге бағытталған. Барлық жұмысты аталған салаларда тәжірибесі мол, жоғарыбілікті мамандар атқарады.